Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 75,16 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОСК кеңсесінен.
Бұл біздің елде бұрын болған парламенттік сайлаулар үшін рекордтық келу екенін атап өту қажет. Бұл ретте дауыс беру әлі де жалғасып жатыр.
Өңірлер бойынша келу келесідей: Алматы облысы бойынша – 92,67 пайыз, Ақмола облысы бойынша – 78,68 пайыз, Ақтөбе облысы бойынша - 78,28 пайыз, Атырау облысы бойынша – 82,91 пайыз, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 70,03 пайыз, Жамбыл облысы бойынша – 79,97 пайыз, Қарағанды облысы бойынша – 76,74 пайыз, Қостанай облысы бойынша – 82,57 пайыз, Қызылорда облысы бойынша – 79,84 пайыз, Маңғыстау облысы бойынша – 73,12 пайыз, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 83,4 пайыз, Павлодар облысы бойынша – 70,55 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 80,09 пайыз, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 80,52 пайыз, Астана қаласы бойынша – 73,78 пайыз, Алматы қаласы бойынша – 32,23 пайыз.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясы екі сағат сайын дауыс берушілердің санына қатысты мәліметтерді жариялап отырады. Дауыс бергендердің жалпы санына қатысты алдын ала мәліметтер түн ортасында жариялануы тиіс. Осы кезде exit poll мәліметтері жария болады. Сайлаудың алдын ала нәтижесі 21 наурызда белгілі болуы мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді