Эстондық байқаушылар Қазақстанның сайлау комиссиясы мүшелерінің кәсібилігіне тәнті болды
- author «Ақ жол»
- 20 наурыз, 2016
- 544
Эстондық байқаушылар Қазақстанның сайлау комиссиясы мүшелерінің кәсібилігіне тәнті болды. Бұл туралы бүгін Эстония Республикасы Ұлттық сайлау комитетінің мүшесі Айвар Рахно айтты.
«Бүгін таңертең біз Ақмола облысына қарасты бірқатар сайлау учаскесіне бардық. Таңертеңнен сайлаушылардың дауыс беруге келуі өте жоғары болды әрі процестің көтеріңкі көңілде, достық пейілде өтіп жатқанын байқадық. Учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің достық пейіліне тәнті болдық және олар кәсіби тұрғыда жұмыс істеуде», -деді ол БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сонымен қатар ол дауыс беру процесі ұйымшылдықпен жүргізіліп жатқандығын атап өтті.
«Түстен кейін біз елорданың бірқатар учаскесінде болдық. Бұл уақытта дауыс беруге келушілер легінің біршама бәсеңдегені байқалды. Дегенмен, әлі де адамдар сайлау учаскесіне келу үстінде. Мен сайлау комиссиясы мүшелерінің кәсібилігін айрықша атап өткім келеді. Жалпы, Қазақстандағы сайлау барынша белсенді және табысты өтетіндігіне сенімдімін», - деді А.Рахно.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




