Қазақстандықтардың сайлауда сыйлық беру идеясы шетелдіктерді таңғалдырды
- author «Ақ жол»
- 20 наурыз, 2016
- 506
Сайлауда сыйлық табыс ету туралы қазақстандық идея италиялық бақылаушыларды таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Италиядан сенатор, Франко Паниццаның басшылығымен келген бақылаушылар тобы "таңертең ерте дауыс беруге келген жас сайлаушылардың кішігірім сыйлықтарға ие болғаны" оларды таңғалдырғанын айтты.
Шетелдіктер бұл идеяның жастарды дауыс беріп, елдің тағдырына белсенді араласу үшін баулуға жақсы ойластырылғанын айтты.
Журналистер ол сыйлықтардың туған күн иелеріне табысталатынын анықтады.
"Италияда сайлауға қатысушылардың өте көп болғанына біз үйреніп қалғанбыз. Қазіргі таңда біз олардың қатарының күрт сирегенін байқап жүрміз. Яғни, мұндай сәттерді көріп (ҚР сайлауында сыйлық табыс ету - Авт.), біз оны бағаладық, себебі өкінішке қарай, біздегі жағдай солай, сайлаушылар азайып барады", - деді Франко Паницца.
Сонымен қатар, ол Астанадағы сайлау учаскелерінде сайлаушылардың белсенділігін байқағанын атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




