Әлеумет
Назарбаев елдегі саяси жүйені өзгертуге қатысты пікір білдірді
- author «Ақ жол»
- 20 наурыз, 2016
- 252
Назарбаев елдегі саяси жүйені өзгертуге қатысты пікір білдірді
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлау учаскесінде тілшілердің сұрағына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Назарбаев Астанада барлық деңгейдегі мәслихаттар мен партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
"(...) Сіздердің негізгі сұрақтарыңыз - саяси жүйе ауыса ма? Конституция мәселесі. Оны халық референдумда қабылдады, өзгерісті де халық жасайды. Сұрақтың астары түсінікті. Өзгеріс болуы керек. Қазақстанда президенттік басқару жүйесі бар. Мұнда мәселе билікті екіге бөлу жайлы болуы мүмкін - Президент, Парламент және үкімет. Біз осы мәселені ойлап отырмыз. Ал қашан болатынына қатысты біз әзірше экономикадағы, әлемдегі және ел ішіндегі жағдайды қараймыз. Егер басқарудың басқа жүйесіне ауысуға кез келсе, біз мұны жақсылап ойластырамыз және ойлап жатырмыз", - деді Назарбаев.
"Биыл атышулы процесстер, өзгерістер болып жатыр, біз соған сай болуымыз керек. Қазақстан сол жолда болуы керек. Бұл осыған бағытталған. Бес институционалдық реформа. Үкімет пен мемлекет халыққа жауап беруші. Бұл қазір болып жатыр. Әрбір әкім әрбір министр, үкімет жыл сайын өз орындарында халыққа есеп береді және барлық шешім бұқаралық ақпарат құралдары мен халық үшін ашық болуы керек", - деп атап өтті Назарбаев.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді