«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстан азаматтары Түркияның үш қаласында дауыс беріп жатыр (ФОТО)

Қазақстан азаматтары Түркияның үш қаласында дауыс беріп жатыр (ФОТО)
ашық дереккөз
Қазақстан азаматтары Түркияның үш қаласында дауыс беріп жатыр (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Анкара, Ыстамбұл және Анталия қалаларында жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де  дауыс беру үшін № 205, № 236 және № 246 сайлау учаскелері ашылды, деп хабарлады ҚР-ның Түркиядағы Елшілігінен.

Сағат 07:00-де бірінші болып  келген Қазақстан азаматтарының қатысуымен  сайлау учаскелерінің ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Түркияда өз дауысын бірінші болып ҚР-ның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жансейіт Түймебаев берді.

«Қазақстан азаматтары Түркия еліндегі күрделі ішкі жағдайға қарамастан, ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауында өздерінің дауыс беру конституциялық құқығын пайдалану үшін сайлау учаскелеріне келіп жатыр», - делінген хабарламада.

Түркиядағы қазақстандық сайлаушылардың басым бөлігін осы елде білім алып жатқан жастар құрап отыр, олардың арасында әскери мамандықтар бойынша оқып жатқан курсанттар да бар. Сайлау учаскелеріне Түркияның түрлі қалаларындағы ЖОО-ның студенттері мен докторанттары да келіп жатыр. Елде мұндай 1500-нан астам өкіл  бар.

Дауыс бергендердің арасында Түркияда әйгілі тұлға, отандасымыз Марат Ахмет те бар. Ол Түркия Президентінің қолынан жоғарғы ғылыми марапат алған математик-ғалым. Түркияда 1998 жылдан бері ғылыми зерттеулер жүргізіп келеді. М. Ахмет - математикалық ғылымдарының докторы, профессор, ірі ғалым, Түркияда және көптеген шетел елдерге танымал тұлға.

Сондай-ақ Түркияда жұмыс істеп жүрген ғалымдар, журналистер, оқытушылар, дәрігерлер және басқа да Қазақстан азаматтары өз дауыстарын беруде.

20160320151939 20160320151935 20160320151929 20160320151920 20160320151914 20160320151909

ақпарат көзі kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар