ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы Жамбыл облысында Астана уақытымен таңертеңгі сағат 7.00-де басталды.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Тараздағы № 35 сайлау учаскесінде бірінші болып дауыс бергендердің арасында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев болды. Ол республика Парламентінің бастамасымен жүзеге асырылған осы сайлау Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды кезең болып табылатынын атап өтті.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамына бір облыстық, бір қалалық және 10 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кіріп отыр.
Жамбыл облысы мәслихаттарының 250 мандатына 619 кандидат үмітті болып отыр. Соның ішінде облыстық мәслихатқа - 105, аудандық мәслихаттарға - 439, ал қалалық мәслихатқа - 75 кандидат бар.

kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




