Үкімет басшысы К. Мәсімов дауыс беруге қатысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елімізде өтіп жатқан Парламент Мәжілісінің депутаттары мен жергілікті мәслихаттарды сайлауына орай ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов дауыс беруге қатысты. Ол өз таңдауын Астана қаласындағы М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында орналасқан №99 сайлау учаскесінде жасады.
Осы учаскеде ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов та дауыс беруге қатысып, өз таңдауын жасады.
Еске салайық, бүгін 20 наурыз күні таңертеңгі сағат 7.00-де елімізде Парламент Мәжілісінің депутаттарына дауыс беру басталды. Сонымен қатар облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарына да дауыс беру басталып отыр. Жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін 9840 сайлау учаскесінде дауыс беру өтеді, мұнан бөлек шетелде 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
9 791 165 қазақстандық дауыс берушілер тізіміне енгізілген.
Парламент Мәжілісіне 107 депутат сайланады: оның 98 і партиялық тізіммен, тоғызы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліске өтеді. Ал жергілікті өкілдік ететін билік мәслихаттарға барлық деңгейдегі 3335 депутат сайланады. Олардың 550 мәслихат, 625 қалалық, ал 2160 аудандық мәслихат депутаттары. ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




