Ұлттық киімді киюге айрықша мән берген дұрыс - Қ. Сартқожа
- author «Ақ жол»
- 18 наурыз, 2016
- 526
Ұлттық киімді тек мереке күндерінде ғана киген дұрыс емес. Бұл туралы бүгін Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Түркология және алтайтану ғылыми зерттеу институтының директоры Қаржаубай Сартқожа мәлім етті.
«Жалпы біз ұлт ретінде ұрпақтарымызды, жас буынды ұлттық тарихымызды негізге алып,тәрбилеуіміз керек. Сонымен қатар шенеуніктердің ұлттық тарихты өте жақсы білуі маңызды. Осы дәрежеде насихаттай алсақ, ұлттық салт-дәстүрімізді тиісті деңгейде сақтай аламыз»,-дейді Қ. Сартқожа.
Ұлттық киім мәселесіне тоқталған ғалым, «Біз негізінен еуропалық үлгідегі киімдерді киіп жүрміз. Кезінде біздің ұлттық киімдеріміз қандай керемет еді. Қазіргі кезде дизайнерлеріміз осы киімдерді жаңғыртып, шығарып жатқаны қуанышты. Осыны бүкіл халықтық дәрежеге шығаруымыз қажет. Тойда немесе мерекеде ғана емес, жалпы күнделікті киіп жүретіндей мақсатты қою керек. Бұл өз кезегінде елімізде үлкен бетбұрыс болар еді»,-дейді түрколог ғалым.
Айта кетейік, Елбасы кітапханасындағы Қаржаубай Сартқожаның жастармен кездесуі Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясындағы «Ұлы Дала дәстүрлері» айлығына арналған.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




