«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстандық оқушылар ҰБТ-ны қайта тапсыра алатын болды

Қазақстандық оқушылар ҰБТ-ны қайта тапсыра алатын болды
ашық дереккөз
Қазақстандық оқушылар ҰБТ-ны қайта тапсыра алатын болды

Қазақстандық оқушылар ҰБТ-ны қайта тапсыра алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Сенат депутаттары білім беру туралы заңға түзету енгізді, бұл заң мектеп түлектеріне ҰБТ-ны екінші мәрте тапсыруға мүмкіндік береді. Бұл түзетулерді үкімет те, ҚР Білім және ғылым министрлігі де, қоғам да қолдап отыр.

Биыл ҰБТ тапсыру механизмінде өзгерістер болмайды. Барлық сұрақ дайындалып қойды. Бірінші тестілеу бойынша гранттар мен Алтын белгілер үлестіріледі - бұл өзгеріссіз. ҰБТ-ны екінші мәрте тапсыру балын шектік деңгейге жеткізе алмағандарға ақылы түрде жүзеге асырылады, осылайша ақылы түрдегі жоғары білімді алуға мүмкіндік беріледі екен.

"Түлектер ҰБТ тапсырғанда өз тағдырларын шешетінін түсінеміз. Бұл диплом алу ғана емес, жоғары оқу орындарына түсу, Алтын белгі және гранттар. Сонымен қатар, біреу үшін тест тапсыру орталығының үйінің маңында екенін, ал біреуінікі 200 шақырым жерде екенін түсінеміз. Жастарға әрқашан екінші мүмкіндік берілуі керек. Мысалы, SAT - халықаралық стандарт тестілеуі шетелдің жоғары оқу орындарына түсуге арналған, онда, айтпақшы, бүгінде мыңдаған қазақстандық тапсырып жатыр, оны ай сайын тапсыруға болады. Бұл әлем тәжірибесі, бұл түлекке жоғары білім алуына берілетін мүмкіндік", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Министрліктегілер Қазақстанда ҰБТ тапсырушылардың жыл сайын көбейіп жатқанын айтты. 2015 жылы 46 мың адам тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар