Жамбыл облысында қымызбен емдеуге арналған сауықтыру кешені ашылады
- author «Ақ жол»
- 18 наурыз, 2016
- 695
Жамбыл облысында қымызбен емдейтін сауықтыру кешені ашылады, - деп хабарлайды Zhambylnews.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Жамбыл облысындағы шаруа қожалық иелері мал шаруашылығынан бөлек, туризм саласына да бет бұра бастады. Мәселен, Тұрар Рысқұлов ауданында "Шәушен" ШҚ фермасының жанынан қымыз дайындайтын цех салынып, сауықтыру кешені соғылып жатыр.
"Шәушен" шаруа қожалығының басшысы Сайранбай Дөненбаев тау етегінен қымызбен емдеу орталығын ашуды бұрыннан ойластырыпты. Ойға алған жобасын іске асыру мақсатында көп ізденіп, мамандарға да барған. Шаруа 2014 жылы қымыз өндіру үшін 250 миллион теңге көлемінде өз қаражатына жылқы фермасы жобасын іске қосады. Қазір мұнда екі ауысымда 250-ден 500 бие байланып тұр. Алдағы уақытта желіге мың бие байлау жоспарларынып отыр.
Тау бөктеріндегі қымызбен емдеу орталығында қолға алынған заманауи қонақ үй, сауна, бассейн тағы басқа да нысандардың құрылысы толық аяқталды. Қымыздың бағасы қарапайым тұрғындарға қолжетімді болады. Ерекше атап өтерлігі, шаруашылық басшысы мұнда Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің қымызбен емделуіне есіктері айқара ашық, бұл ретте тегін арнайы екі бөлме қарастырылғанын айтты.
Туристерді қабылдау мақсатында кешен EXPO-2017 көрмесіне дейін толықтай дайын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




