Жамбыл облысында 1069 спорт нысаны тұрғындарға қызмет көрсетеді
- author «Ақ жол»
- 18 наурыз, 2016
- 231
Жамбыл облысында 1069 спорт нысаны тұрғындарға қызмет көрсетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков айтты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Гамлет Төреханұлының айтуынша, бүгінгі күнге облыс бойынша тұрғындардың спортпен жүйелі түрде шұғылдану үшін қолжетімді 1069 спорт нысаны анықталып отыр. Оның 442-і - Тараз қаласында, 627-і - аудандарда орналасқан. Аталған спорт нысандарында тұрғындардың, оның ішінде жастар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты шұғылдануы үшін арнайы кестелер жасалды. Кестелер жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында және облыс әкімдігінің сайттарында жарияланып келеді. Өткен жылы облыс бойынша спорт нысандарының жалпы саны 2013 құрады. Оның ішінде 19 стадион, 665 футбол алаңы, 548 спорт залы, 662 спорт алаңшалары және 119 басқа да нысандар бар.Сонымен қатар, 2015 жылы Тараз қаласы мен аудандарда 2614 спорттық іс-шара өткізіліп, оған 540 мыңнан астам адам тартылды. Оның ішінде саламатты өмір салтын насихаттау бағытында 1547 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Оған 299 мыңнан астам адам қамтылды. Сонымен қатар, соңғы жылдары ұлттық спорт түрлерін қайта жаңғыртуға басымдықтар берілуде. Өткен жылы, ұлттық спорт түрлері бойынша өткізілген 611 іс-шараға 67 мыңнан астам адам қатысты. Ал кешенді 456 іс-шараға 172 мыңнан аса адам қамтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді