Денсаулық
Facebook бұрынғы сүйіктісін тез ұмыттыратын бағдарлама шығарды
- author «Ақ жол»
- 17 наурыз, 2016
- 536
Facebook бұрынғы сүйіктісін тез ұмыттыратын бағдарлама шығарды
Facebook бұрынғы сүйіктілерін тезірек ұмыттыратын бағдарлама ойлап тауып, сынақтан өткізуде. Жалпы әлеуметтік желілер арқылы қаншама адамдар танысып, көңіл жарастырды. Бірақ, кей кездері бұл таныстық ғұмыры ұзаққа бармай, адамдар қарым-қатынастарын үзіп жатады. Facebook өкілі Келли Уинтерс: «Адамдар отбасылы болғанда бізге бұрынғы кездескен адамдарымен қарым-қатынасты үзгендіктерін айтып, жиі хат жолдайды. Осы жағдайды ескеріп, біз жаңа бағдарлама ойлап таптық», – дейді.
Сонымен, бұрын жүрген адамды ұмыту үшін Facebook ұсынған бағдарлама мүмкіндіктері қандай? Біріншіден, сіз оның желідегі жазбаларын көрмейтін боласыз. Екіншіден, іздестіру бағанына алғашқы әріптерді енгізген кезде оның аты шықпайтын болады. Сондай-ақ бұрынғы сүйіктіңіз парақшаңызға кіре алмайды. Ал онымен түскен ескі суреттерді ортақ таныстарыңыз көріп, «жараның аузын тырналай бермес» үшін достарыңыздың да парақшаға кіруіне шектеу қоя аласыз.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




