Денсаулық
Жамбыл облысында 5 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетілді
- author «Ақ жол»
- 17 наурыз, 2016
- 223
Жамбыл облысында 5 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетілді
Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Мәңгілік Ел" арнайы пойызы Тараз қаласына келді.
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында "Мәңгілік Ел" пойызы жалпыреспубликалық акциясының мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингке пойыз штабының басшысы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Әміржан Әлпейісов, пойыз басшысы Руслан Барбасов, ҚХА кеңесінің мүшесі Людмила Ходчиева, үйлестіруші-дәрігер Нұрлан Қыдырбаев, "Қазақстанның азаматтық альянсы" ЗТБ директоры Эльдар Катенов қатысты.Спикерлер Елбасы алға қойған мақсат- міндеттердің маңыздылығын түсіндірді.
- Пойыз құрамында 100-ге жуық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, әлеуметтік сала мамандары, дәрігерлер, заңгерлер, әртістер мен спортшылар бар. Акцияның мақсаты - "Мәңгілік Ел" идеясын насихаттау, сондай-ақ, тұрғындарға медициналық, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсетіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім және т.б. салалар бойынша кеңес беру. Бұл біз жеткен 13 өңір, пойызымыз есеп бойынша 31 стансаға келіп тоқтады. Біздің тұрақты ұжымымыз 30% құрайды. Белсенділер мен дәрігерлер кесте бойынша апта немесе он күн сайын ауысып отырады,- деді пойыз штабының басшысы Әміржан Қайырұлы.
-Осы уақыт аралығында акцияға қатысушылар 48 мыңнан астам адамды қамтыды. Республика аймағында бұқаралық семинарлар, тренингтер мен митингтер, мәдени шаралар мен концерттер, қайырымдылық акциялар мен министрлік, ведомство өкілдерімен өткен жеке консультациялар өткізілді. Оған қоса, 13 мыңнан астам азаматқа тегін медициналық көмек көрсетілді.
- Бүгінгі таңда республика бойынша жалпы 48 мыңнан астам, оның ішінде Жамбыл облысында 5 мыңнан астам тұрғын қамтылды,- деп хабарлады Әміржан Әлпейісов.
Жамбыл облысында 30-ға жуық адамнан құралған ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілдері, әр саланың білікті дәрігерлері емханаларда ауруға шалдыққан азаматтарға консультациялар беріп, қабылдау жүргізді. Қабылдауға барлығы 400-ге жуық науқас келді.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді