КЕРЕК КЕҢЕС: Балаңыз үшін мектепке жиі шақырта бермеудің амалы табылды
- author «Ақ жол»
- 17 наурыз, 2016
- 192
Білікті педагог: «Баладан асқан психолог жоқ» деп тұжырымдапты. Шынында да баланың ішкі сезіміне үңіле алып жүрміз бе? Егер балаға ата-анасы назар аудармай қойса, онда бала оларды өзіне қарату үшін түрлі амалдарды ойлап табуы мүмкін, деп жазады namys.kz порталы «Назар аудармасаңыз өзі мәжбүр етеді» тақырыбен шыққан мақалада.
Мына бір мысалдың өзі соның бір дәлелі сыңайлы. Ұзақ жыл жатақхана басқарған ұстаз айтады: «Интернатта кілең бұзақылық жасайтын бір бала болды. Тәрбиеге түк көнбейді. Әрбір тәртіп бұзған сайын ата-анасын шақыртамыз да жатамыз. Олардың да ығыры шықты, біз де әбден шаршадық. Әке-шешесі келген сайын бала «енді ешқашан қайталамаймын» деп уәдені үйіп-төгеді. Бірақ, бірталай уақыттан кейін баяғы әуеніне қайта басады. Бірде сол баланы оңаша отырғызып қойып: «Осы саған не жетпейді? Неге тыныш жүрмейсің?» деп қадала сұрадым. Сонда әлгі бала: «Мен тыныш жүргенде әке-шешемнің мектепке келгенін көрдіңіз бе?» өзіме сұрақ қойды. Шынында да ол кезде ата-анасы мектеп-интернатқа мүлде бас сұқпайтын еді. «Жоқ» деп жауап бердім. Ал, оқушым болса: «Көрдіңіз бе енді қалай келіп жүргенін?» деп өз ісіне масаттанғандай сөйледі. Біз оның не үшін бұзақылық жасай беретінін сонда ғана түсіндік» дейді. Әрине, бұл көп мысалдың бірі ғана. Соның өзінде елеусіз қалдыруға болмайтын мысал. Әсіресе, баланың көпшілігі ата-анасының мектепке келіп, өзінің сабағына қатысып, сыныптастарына танылуын іштей қатты қалайды екен. Сондықтан, ата-ана уақыт тауып, белгілі бір уақыттарда мектепке баруды дағдыға айналдыруы тиіс. Үлкендер үшін ол елеусіз шаруаның бірі ғана, ал, бала үшін оның маңызы өте зор екен...
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді