Коко Шанель Гитлер барлаушылары үшін қызмет еткен болуы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 17 наурыз, 2016
- 637
Франциядағы атақты дизайнер атанған Габриэль (Коко) Шанель Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер үшін агент болған. Бұл туралы Франция арнайы қызметінің сәрсенбі, 16 наурыз күні жариялаған мұрағаттарынан мәлім болды, деп хабарлайды «Associated Press» агенттігі.
Коко Шанельдің есімі Париждің шығысында орналасқан Венсен бекінісінде сақталған құжаттамада тұр. Атап айтқанда, мұрағат құжатында оның 1942-1943 жылдары барон Ганс Гюнтер фон Динклагенің көңілдесі және агенті болғаны туралы жазба сақталған.
«Барон үгітші болып жұмыс істеген, біз оның неміс агенті болған деп санаймыз», - делінген құжаттамада.
Мұрағаттың сақталуына жауапты Фредерик Кугинердің айтуынша, Коко Шанель «абвер-дің» (Германияның әскери барлау қызметі) агенті болған. Сонымен қатар, Кугинер дизайнер немістер үшін нағыз «ақпарат көзі» болып есептелінген. Ал, дизайнердің өзі бұл туралы білмеген де болуы мүмкін.
Коко Шанель - «Chanel» сән үйін құрған франциялық дизайнер. Өзінің бірінші дүкенін Шанель 1910 жылы Парижде ашқан.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




