Астанада "Қазақ аруы-2016" сұлулық байқауының финалы болып өтті. Атырау облысының өкілі Альмира Ахатова жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ал бірінші орынды Сәбина Теңбай алды, екінші орынға Аяулым Мақұмова лайық болды, үшінші орында Гүлімай Оразбек.
Финалға Қазақстанның түрлі қалаларынан 16-22 жас аралығындағы 21 ару қатысты. Бұл конкурсқа қатысудың негізгі талабы - ұлттық дәстүр мен қазақ тілін білу. "Қазақ аруы" байқауы осымен алтыншы рет, ал Астанада үшінші рет өтіп отыр.
Қатысушыларды құрамына сенатор Бірғаным Әйтімова, продюсер Баян Есентаева, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхаммедқызы, Астананың мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, "Хабар" телеарнасының бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсері Ринат Кертаев, конкурстың 2014 жылғы жеңімпазы Гүлназ Жоланова, дизайнер Аида Қауменова, боксшы Данияр Елеусінов және басқалар кірген қазылар алқасы таңдады.
Конкурс үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең - қатысушылар қазақстандық дизайнерлердің кешкі салтанатқа киетін киімін көрсетеді. Екінші кезеңде қыздар қазылар алқасына өз дарынын көрсетеді. Үшіншісі - зияткерлік, қыздар қазақтың ұлттық дәстүрі мен салты жайлы сұрақтарға жауап берді.
Еске салайық, 2015 жылы "Қазақ аруы" байқауында қарағандылық ару Кәмшат Қоскелова жеңімпаз болған еді. Ал 2014 жылы Маңғыстау облысының намысын қорғаған Гүлназ Жоланова жеңімпаз атанды.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді