Қазақстан 2017 жылы Қытайға 50 мың тонна етті экспорттауды көздеп отыр
- author «Ақ жол»
- 16 наурыз, 2016
- 213
Қазақстан 2017 жылы Қытайға 50 мың тонна етті экспорттауды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін KazMeatAstana-2016 атты халықаралық форумда Қазақстанның ет өндірушілері одағының басшысы Мақсұт Бақтыбаев мәлім етті.
«Біз келесі жылы Қытайға 50 мың тонна етті экспорттауды жоспарлап отырмыз. Етті шекара ашылғанда жөнелте бастаймыз. Үкімет басшысы деңгейінде бұл мәселе шешімін тапты, қазіргі уақытта біздің кәсіпорындардың ветеринарлық сертификаттары мен техникалық аудиттері бойынша жұмыс жасалып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар кемінде 4-5 айға созылады», - дейді ол.
Оның сөзіне қарағанда, қазақстандық өндірушілердің қазірдің өзінде осындай көлемдегі етті экспорттауға күші жетеді.
Сонымен қатар «ҚазАгро» холдингі басқарма төрағасының орынбасары Айдарбек Қожанасаровтың айтуынша, Қытай нарығы Қазақстанның ет өндірушілері үшін әлеуетті нарық болып отыр. Себебі қазіргі уақытта Қытайда тұтыну мәдениеті күннен күнге ет пен ұн өнімдеріне ойысып барады.
Холдинг өкілінің атап өткеніндей, қытайлық азаматтар өз еліндегі экологиялық мәселелерге байланысты Қытайда шығарылған азық-түліктерден гөрі, көбіне-көп органикалық таза шетел тағамдарын таңдайды.
«Былтыр Қытай 300 мың тонна етті импорттады. Ал 2010 жылы оның көлемі 23 мың тонна ғана болатын. Демек, он жылда импорт 10 есе ұлғайған», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді