Байқоңыр ғарыш айлағынан жерді алыстан бақылайтын "Ресурс-П" спутнигі бар "Союз" тасымалдаушы зымыраны ұшырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Роскосмостың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Зымыран Астана уақыты бойынша 14 наурыз күні сағат 00.56-да ұшырылды. "Тасылмалдаушы зымыранның қозғалтқыш құрылғылары штат режимінде жұмыс істеп, 9 минут 21 секундтан кейін аралық орбитада ғарыш аппараты тасымалдаушы зымыранның "Союз-2.1б" деп аталатын үшінші сатысынан бөлінді. Ұшуды басқару орталығы аппараттың ұшуын басқаруға кірісіп кетті", - делінген хабарламада.
Еске салайық, "Союз" тасымалдаушы зымыраны 12 наурызда ұшырылу керек болған. Дегенмен автоматты ұшыру жүйесінде ақаулар пайда болып, зымыранды ұшыру кейінге қалдырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




