Астанада атышулы жылы аялдамалар енді бюджет қаражатына салынбайтын болды
- author «Ақ жол»
- 12 наурыз, 2016
- 558
Астанада 10 миллион теңгеге бағаланып, халық арасында дауға қалған жабық аялдамалар бюджет қаражатына салынбайтын болды. Бұл туралы«ҚазАқпарат» агенттігіне берген ресми сауалында «Астана LRT» АҚ мәлім етті.
Айта кетейік, 2015 жылы Астанада қыста суықтан, жазда ыстықтан қорғайтын жабық аялдамалар салына бастаған болатын. Халық арасында оның құнына қатысты тақырып үлкен дау тудырғаны мәлім.
Компанияның хабарлауынша, содан бері Астана қаласының көлік кешенін жаңарту аясында жабық типті 27 аялдама павильоны орнатылды.
«Жалпы алғанда қалада жолаушылар көп жиналатын және қаланың әлеуметтік маңызды аялдама пункттерінде 80-нен артық аялдама павильондары орнатылатын болады. Павильон құрылысының құнына қатысты, жабық типті павильондарды орнату инвестициялар есебінен жүзеге асыру жоспарланғандығын хабарлаймыз», - делінген «Астана LRT» АҚ-ның ресми жауабында.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




