«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбыл облысында ТКШ нысандарын жекешелендіруді жоспарлауда

Жамбыл облысында ТКШ нысандарын жекешелендіруді жоспарлауда
ашық дереккөз
Жамбыл облысында ТКШ нысандарын жекешелендіруді жоспарлауда

 Жамбыл облысында 12 нысан бәсекелестік ортаға беріледі, деп мәлімдеді ӨКҚ брифингінде Жамбыл облысы әкімдігі қаржы басқармасының басшысы А. Қырықбаев.

«2015 жылдың аяғында  бәсекелестік ортаға берілетін облыстың 12 нысанының тізімі бекітілді, - деді ол. - Оның ішінде облспортбасқармасының 5 спорт клубы, «Рауан» балалар сауықтыру лагері, «Тараз тұрғын үй» ЖШС,   «Жамбыл Жылу» және «Темір жол Жылу» КК, «Таразэнергоцентр» АҚ, облыс әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармалары, Мерке ауданы «Таза су»  КК,  Сарысу ауданы әкімдігінің «Абаттандыру және көгалдандыру» ЖШС бар».

  «Таразэнергоцентр», «Жамбыл-Жылу», «Теміржол-Жылу» кәсіпорындарын жекешелендіру кесте бойынша   осы жылдың екінші тоқсанына жоспарланған. Қазір сату алдындағы шаралар жүргізілуде.

Бұдан басқа, коммуналдық меншік нысандарын оңтайландыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ұйымдарын бәсекелес ортаға беру шешімін қабылдады. Бұлардың қатарына  Жамбыл медициналық колледжі, қалалық №2 емхана, облыстық стаматологиялық емхана, облыстық диагностикалық орталық, облыстық офтальмологиялық орталық, Шу қалалық ауруханасы жатады.

«Қазір осы нысандарды сенімгерлік басқаруға беру бойынша бағалау жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады Қырықбаев.

  Соңғы екі жылда облыста жекешелендіруге жататын 27 коммуналдық меншіктің 22 субъектісі жекешелендірілді. 2014-2015 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын жүргізу нәтижесінде облыс бюджетіне 90,9 млн теңге түсті.

Тұтастай, облыста 45 нысан жекешендірілді. Олар балалар сауықтыру лагерлері, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері, спорт клубтары, бірқатар облыстық, қалалық, аудандық газеттер, коммуналдық кәсіпорындар. Жекешелендіруден бюджетке  683, 7 млн теңге түседі деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар