Тараздың жас данышпаны

Тараздың жас данышпаны
ашық дереккөз
Тараздың жас данышпаны

Исаак Мустопуло ағылшынның атақты ғалымы Стивен Хокингпен кездеседі

Ағылшынның атақты ғалымы Стивен Хокинг Таразда тұратын жас данышпан Исаак Мустопуломен кездесуге дайын. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ басқарма басшысының орынбасары Жұматай Сәлімов мәлім етті. Брифингте Ж. Сәлімов тараздық Исаактың «Үйлесім гармониясы» жобасы үшін түрлі мүмкіндігі бар арнайы жүлдеге ие болғанын еске салды. «Исаак Мустопуло – жеңімпаз. Әрине, ол сал ауруына шалдыққан, бірақ соған қарамастан, астрофизикамен айналысып келеді. Міне, жас данышпан осы аталымда жеңімпаз атанды. Мақтау қағазымен марапаттаған кезде, Исаак ағылшынның атақты ғалымы Стивен Хокингпен кездескісі келетін арманын айтқан», – деді ол. Стивен Хокинг – ағылшынның атақты ғалымы, ол да астрофизикамен айналысады, ол да жастайынан мүгедектер арбасына таңылды, бірақ бүгінде ғылым әлемінде даңқы зор. Стивен Хокинг қазақстандық баланың өзімен кездескісі келетінін білгенде оған қуана-қуана келіскен. Сондықтан алдағы уақытта Исаак Ұлыбританияға барып Стивен Хокингпен кездесіп, Кембриджде болып, ағылшындардың ғылым музейін тамашалайтын болады.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар