Apple 21 наурызда Калифорния штатының Купертино қаласында өтетін шараға журналистерді шақырды. Онда компанияның смартфоны мен планшетінің жаңа модельдері жұрт назарына ұсынылады, деп хабарлайды ресейлік РБКагенттігі.
21 наурызда Apple көпшілікке жаңа өнімдері - iPhone SE (special edition - арнайы нұсқа) мен iPad-тың жаңғыртылған нұсқаларын таныстырады.
iPhone SE смартфоны iPhone 5S телефонына ұқсайды, бірақ барлық жағынан жақсартылған. Компанияның екінші гаджет - iPad планшетінің жаңа нұсқасы. Басында iPad Air 2 шығады деп күтілген, алайда кейінірек тараған мәліметке сенсек, 21 наурызда жұртқа жаңа iPad Pro нұсқасы таныстырылатыны анықталды. Онда стилус таяқша, алмалы-салмалы пернетақта болады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




