Стивен Хокинг Таразда тұратын гений баламен кездесуге дайын
- author «Ақ жол»
- 10 наурыз, 2016
- 531
Ағылшынның атақты ғалымы Стивен Хокинг Таразда тұратын жас гений Исаак Мустопуломен кездесуге дайын. Бұл туралы ОКҚ брифингінде "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ басқарма басшысының орынбасары Жұматай Сәлімов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Брифингте ол баланың "Үйлесім гармониясы" жобасы үшін түрлі мүмкіндігі бар арнайы жүлдеге ие болғанын еске салды.
"(...) Исаак Мустопуло - жеңімаз, ол сал ауруына шалдыққан, бірақ ол бала кезінен астрофизикаға қызығады. Ол осы аталымда жеңімпаз атанды. Әсер Орынтайұлы оны мақтау қағазымен марапаттаған кезде, Исаак өз арманын айтқан еді, ол Стивен Хокингпен кездескісі келеді екен - ол ағылшынның атақты ғалымы, ол да астрофизикамен айналысады, ол жастайынан мүгедектер арбасына таңылды, бірақ ғылым әлемінде даңқы зор. Қазіргі уақытта біз осы мәселені шешіп жатырмыз, енді ағылшын кеңесі өз тарапынан қолдау білдіретін сияқты... Бізде осы аталым бойынша арнайы сапар қарастырылмаған еді, алайда мәселені шешіп жатырмыз. (...) Стивен Хокинг қазақстандық баланың өзімен кездескісі келетінін білгенде бұл сұранысқа қуана-қуана келісті. Сондықтан алдағы уақытта Исаак Ұлыбританияға барып, өз көзімен көреді", - деді ол.
"(...) Жоспарланып отырған сапарға келер болсақ, бізде басты мәселе Стивен Хокингтің секретариаты бойынша болып отыр, олардан жауап күтіп отырмыз. Яғни ғалым егде жаста және танымал - оның сапарлары көп, сондықтан солардың шешімін күтіп отырмыз. Алдын ала бізге қызығушылықтың бар екенін және талқылайтындарын айтты. Сондықтан біз кішігірім сапарды жоспарладық, тур - ағылшынның ғылым музейіне, Кмбриджге бару, Стивен Хокингпен кездесуді жоспарладық. Белгілі бір бағдарламаны жасап қойдық - жауапты күтеміз", - деді Сәлімов.
Исаак Мустопуло өз жобасын түсіндіреді.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




