Вьетнамда туылған егіздердің әкелері бөлек болып шықты, - деп хабарлайды BBC News жергілікті генетикалық ассоциацияға сілтеме жасап. Ғалымдардың айтуынша, бұл өте сирек кездесетін суперфекундациялық жағдай.
Егіздердің бір-біріне мүлде ұқсамайтынын білген туыстары ДНҚ сараптамасын жасатуды талап еткен. Вьетнамдағы генетикалық ассоциацияның президенті, профессор Ле Динь Луонг сараптама нәтижесінің 100 пайыз дұрыс екенін айтып отыр. Сонымен қатар, ол мұндай жағдайдың өте сирек кездесетінін алға тартты.
"Ғылымда егіздердің әкелерінің әртүрлі болуы бұған дейін он шақты рет кездесті. Мұндай жағдай бұдан да көп болуы мүмкін. Дегенмен ата-аналар мен балалары бұл туралы білмейді немесе жариялауды жөн көрмейді", - деді профессор. .
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




