Алдағы үш тәулікте еліміздің ауа райына антициклон ықпал етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 10-12 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлеріне антициклон ықпал етіп жатыр және ол таяу күндері жалғаса береді. Осыған байланысты бұл аймақта күн суытып, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Бірақ ол антициклон 12 наурызда Сібірдің оңтүстігіне ығысып, күн жылынады.
"Батыс Қазақстанда алдағы үш күн бойы циклон сақталып, кей жерлерде жауын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал еліміздің оңтүстігіне жылы атмосфералық фронттар келіп, осыған байланысты жауын жауып, таулы аймақтарда қар жауады", - деп хабарлады метеорологтар.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер наурызда ауа райының қандай болатынын айтты. Метеорологтардың болжамына қарағанда, Қазақстанда наурыздың алғашқы жартысында 27 градусқа дейін аяз болады.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




