Польшаның президенті Анджей Дуда жол апатына ұшырады. Ол отырған лимузин қатты келе жатқанда артқы дөңгелегі жарылған, абырой болғанда жүргізуші жол шетіндегі шұңқырға бұрып үлгерген. Қазір үкіметтің күзет қызметі жол оқиғасын тексеруге кірісті, деп хабарлайды ресейлік РБК агенттігі.
Польша президенті Анджей Дуда Карпач қаласынан Левин-Бжеский қаласына бара жатқанында A4 тас жолында жол оқиғасына ұшырады. Поляк радиосының хабарлауынша, мемлекет басшысы отырған лимузин қатты жылдамдықпен келе жатқанда артқы дөңгелегі жарылып кеткен.
Жүргізуші қарсы келе жатқан көліктерге соғылып қалмау үшін бұрылып жол шетіндегі шұңқырға түсіп кеткен. Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Дуда кортеждегі басқа көлікке отырып сапарын жалғастырған. TVN телеарнасына сұхбат берген Дуда автомобиль кюветке түсіп кеткенін айтып, ешкімнің зардап шекпегенін жеткізген. «Аса үлкен апат болмады» деп мәлімдеді ол. Оның айтуынша, көлік дөңгелегі ұдайы тексеріліп тұратындықтан мұндай жағдай қайталанбауы тиіс. Үкіметтің күзет бюросының басшысы, полковник Анджей Павликовский оқиғадан соң дереу тексеруді бастады, жарылған дөңгелек шинасы арнайы сараптамаға жіберілді.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




