Денсаулық
Жамбыл облысында тағы бір ежелгі қаланы қазуға 30 млн теңге бөлінді
- author «Ақ жол»
- 4 наурыз, 2016
- 202
Жамбыл облысында тағы бір ежелгі қаланы қазуға 30 млн теңге бөлінді
Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық филиалында болған брифингте Жамбыл облысындағы туризм нысандарының ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындығы туралы Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, мұрағат және құжаттандыру басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев хабарлады,-деп жазады ҚазАқпарат. Еске сала кетейік, Таразда жергілікті бюджет қаржыландырумен «І-ХІХ ғасырлардағы Ежелгі Тараз» археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр. Археологтар 6-12 ғасырларға жататын 40 мың артефактілер, 8-9 ғасырлардағы медресе, мешіттер, Талас өзенінің көне арнасының жағалауы, құрылыс орындарын тапқан.
Д. Бықыбаев атап өткендей, «Ежелгі Тараз» қаласының Шахристан участогында қазба жұмыстарын жалғастыру үшін 2016 жылға 30 млн теңге бөлінді. «Бүгінде «Ежелгі Тараз» музейінің құрылысы, «Мыңбұлақ» аллеясы, «Тараз әуендері кешені», биік мұнараның құрылысы аяқталды. Этномәдени орталықтың құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Өткен 2015 жылы Тараздағы этнотуризмді дамыту үшін «10-12 ғасырлардағы Төрткүл» керуен-сарайын қалпына келтіру үшін облыстық бюджеттен 28 млн теңге бөлінді», - деп атап өтті мәдениет басқармасында.
Территориясы 20 гектар болатын «Ежелгі Тараз» кешенінің құрылысының жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Жергілікті бюджеттен қазба жұмыстарын жүргізуге 2011 жылы 348 млн теңге бөлінді. «Ежелгі Тараз» ескерткішінің аймағындағы музей құрылысы үшін республикалық бюджеттен 832,3 млн теңге бөлінген.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын «Архелогиялық сараптау» ЖШС мен «Қазархеология» ЖШС жүргізіп жатыр.
«Ежелгі Тараз» кешені облыста халықаралық туристік бренд болмақ, ол «ЭКСПО-2017» көрмесіне келген қонақтар баратын қалалардың тізіміне енген.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді