Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз қарсаңында әйелдермен "Көктем шуағы" атты дәстүрлі кездесуін өткізді, - деп хабарлайды Tengriews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Назарбаев Қазақстан әйелдерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы еліміздің қалыптасуына қосқан маңызды ролін атап өтіп, оларға денсаулық, махаббат, отбасы бақытын және сәттілік тіледі.
Қазақстан Президенті бұл жолғы кездесуде түрлі мамандық өкілдерінің қатысып отырғанына назар аударды.
"Сіздердің араларыңызда көпбалалары аналар, бизнес өкілдері, әскерилер, ғалымдар, дәрігерлер, педагогтар, мәдениет және спорт қайраткерлер, журналистер бар. Әйелдер Тәуелсіздіктің барлық жылында менің сенімді тірегім болды. Біздің 25 жылдағы жетістіктеріміз сіздердің белсенді еңбектеріңіздің арқасында. Сіздер - қоғамымыздағы бірліктің, жасампаздықтың және тұрақтылықтың бейнесісіздер", - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті әйелдердің басты міндеті ана болу екенін атап өтті.
"Жастайынан анасының махаббаты мен тәрбиесін алған бала ғана жақсы азамат болып өсіп, бақуатты өмір сүреді. 25 жыл ішінде 7 миллион кішкентай қазақстандық өмірге келді. Біздің елде бір сағатта 45 бала немесе жылына 400 мың бала өмірге келеді. Мұның барлығы ертеңгі күнге деген сенімнің арқасында. Жаңа ұрпақ - Қазақстанның болашағы. Биыл мен Қазақстандағы балалардың құқығы жөніндегі өкілдігі туралы Жарлыққа қол қойдым, бұл балалардың қауіпсіздігінің кепілі. Отбасы күнін тойлау мен "Мерейлі отбасы" жалпыұлттық конкурсын өткізу дәстүрге айналды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді