«Ақ жол» газетінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі №46 санында жарияланған «Аққулы мекен» айдарындағы «Шырылдаған Шәмші ғұмыр» атты мақаладағы «Сара Даузованың тілегі ғана емес...» бөлімі бойынша төмендегіні хабарлаймыз.
Тараз қаласы әкімдігі жанындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне, физикалық-географиялық нысандарға атау беру, оларды қайта атау, атаулардың транскрипциясын нақтылау мен өзгерту мәселелері бойынша ұсыныс енгізу жөніндегі жұмысшы тобына №34 орта мектепке композитор, «Қазақ вальсінің королі», Қазақстан Республикасы Гимні музыкасының авторы Шәмші Қалдаяқовтың есімін беру туралы ұсыныс мектеп директоры С. Даузовадан түскен. Алайда, Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, 2010 жылғы 12 қарашадан бастап Қазақстан Республикасы аумағында атау беру немесе қайта атауға байланысты жарияланған мораторийге байланысты өтініш иесіне тиісті жауап берілген. 2013 жылғы 13 қаңтарда ономастика қызметі саласындағы қарым-қатынастарды одан әрі жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылып, бұл заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді. Үкіметтің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасы» бекітілді. Осыған орай, тиісті қағидаға сәйкес, №34 орта мектепке Шәмші Қалдаяқовтың есімін беру туралы ұсыныс республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолдану үшін Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясына жіберілді.
Асхат ЕСеналиев, Тараз қаласы әкімінің орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді