«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Алматыда өнер мұражайына ұлттық киім киіп келген адам ондағы шараларға тегін кіреді

Алматыда өнер мұражайына ұлттық киім киіп келген адам ондағы шараларға тегін кіреді
ашық дереккөз
Алматыда өнер мұражайына ұлттық киім киіп келген адам ондағы шараларға тегін кіреді

Алматыда 22-27 наурыз аралығында Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында бір апта бойы «Мұражайдағы Наурыз» фестивалі өткізіледі.

Мерекелік аптаның әрбір күні келушілер үшін интерактивтік, танымдық және ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады.

Өнер мұражайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, күн сайын ұлттық киім киіп келген адам мұражайға тегін кіреді.

Ал мұражайда әр күні сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін «Шай әлемі» шарасы өткізіледі. Келушілер қыш шәйнектерге өрнек салудан өткізілетін шеберлік сабағына қатысып, шайдан дәм тата алады.

Сондай-ақ, күн сайын мұражайдың мәжіліс залында халықтық-қолданбалы өнер мен киім тарихы жөнінде дәріс оқылады, ал залдарда бірқатар тақырыптық және интерактивтік көрмелер ашылады.

«Бұлардан басқа, аптаның әрбір күні арнайы бағдарлама жүзеге асырылады:

22 наурыз - «Көктемгі күн мен түннің теңелген күні». Сағат 16.00-де

Дизайнер Хафиз Ханның «Әйел көйлегі. Азияның 12 тарихы» атты

моңғол дәуіріне дейінгі көйлектер көрмесі ашылады.

23 наурыз - «Киіз басу күні». Түстен кейін мұражайға келгендер киіз басуға атсалысады. Халық шеберлері текемет басады.

24 наурыз - «Дала саздары күні». Сағат 16.00-де - Раушан Базарғалиеваның жеке көрмесі ашылады. Көрмеде түрлі сәндік-қолданбалы өнер техникасында орындалған авторлық туындылары - гобелен, киіз панно, батик, ши көрсетіледі.

25 наурыз - «Кинематография күні». Сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін - мұражайдың мәжіліс залында кинематография жауһарлары - авторлық видео-арт, өнер жайлы қысқаметражды фильмдер, тіпті арт-хаус стиліндегі кинолар көрсетіледі.

26 наурыз «Квест күні» (компьютерлік ойын түрі). Сағат 17.00 - естен кетпес квест болады. Оның әрбір қатысушына тосынсыйлар беріледі. Ойынға қатысу үшін міндетті түрде  алдын-ала тіркелу қажет. Қатысу ақылы.

Ал сол күні кешке мұражайға келушілер үшін түрлі шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы мен «Аққу» by Lumiere» бірегей сәулелі сауық-думанының премьерасы болады», - делінген хабарламада.

Айта кетелік, фестивальдің серіктестері: Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, Алматы волонтерлар қауымдастығы, «Kazakhstan Fashion Week», «Чайкофский» ЖШС, «Lumiere», «Fokus» шығармашылық ұжымы.

Ұқсас жаңалықтар