Министрлік қызметкері жалақысының көптігіне шағымданған
- author «Ақ жол»
- 4 наурыз, 2016
- 500
Кипрдің энергетика, ауыл шаруашылығы мен туризм министрлігінің қызметкері президентке өзіне шамадан тыс жалақы берілетіндігіне шағымдана отырып хат жолдады, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Хатында Мариоса Друшиотис соңғы жылдары ешқандай жұмыс істемегенін келтіре кеткен. Нақтылай кетсек, қызметкерге басшылық ешбір тапсырма бермеген, әрі ол да ештеңе тындырмаған. Бір жыл ішінде оның қолынан бірде бір құжат өтпеген.
Шенеунік өзінің жоғары жалақы алатын қызметкерлер санатына жататынын мәлімдеген. Франс пресс агенттігінің хабарлауынша, Кипрде осындай деңгейдегі қызметкердің айлық жалақысы 5 мың еуро екен, алайда елдегі орташа жалақы бір жарым мың еуродан аспайды.
Друшиотис ештеңе тындырмайтын болғандықтан, жұмысқа келудің өзі артық деп санайды, өйткені ол кеңседе болмаса жылыту және электр қуатын үнемдеуге болады екен.
Әзірге президент баспасөз қызметі хатқа орай жауап бермеген, ал министрлік басшылығы Друшиотистің лауазымы маңызды деп мәлім етті.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




