Қазақстанда шығарылатын «Тальго» вагондары ресейлік теміржолшыларды таңғалдырды
- author «Ақ жол»
- 3 наурыз, 2016
- 729
Қазақстан жолаушылар вагонын шығаруда Ресейдің алдын орап кетті. Бұл туралы бүгін «Темір жол көлігі» №524 стандарты жөніндегі мемлекетаралық техникалық комиссия отырысы алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Ресей темір жолы» ААҚ-ның аға вице-президенті Валентин Гапанович мәлім етті.
«Біз Қазақстанда «Тальго» компаниясының вагондарын көрдік. Олар өте керемет жасалған, Ресейде мұндай вагондар жоқ. Бұл мәселеде Қазақстан Ресейдің алдын орап кетті десем де болады», - деді ол.
Дегенмен ол БАҚ өкілдерінің «Ресей қазақстандық вагондарды өз жерінде пайдалануға ниет танытып отырған жоқ па?» деген сауалға сырғытпа жауап берді.
«Біз бұл жерге көруге, тәжірибе бөлісуге және жақсы тәжірибе алуға келдік», - деді ол.
Айта кетейік, бүгінгі жиынның қорытындысында Қазақстан, Беларусь және Ресей темір жолдары арасында жолаушылар тасымалдау қызметін көрсету саласындағы келісімге қол қою жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




