Австралиядағы Сидней Университетінің және Батыс Сидней Университетінің ғалымдары жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын адамдарға билеу керек деген қорытындыға келді.
Ғалымдар он жыл бойы 48390 еріктіні бақылауға алып, физикалық жаттығулар олардың денсаулығына қалай әсер ететіндігін зерттеп көрді. Белгілі болғандай, зерттеу кезінде үнемі би билеп жүретін 40 жастан асқан адамдарда бимен айналыспайтын адамдармен салыстырғанда жүрек-қан тамырлары ауруынан қайтыс болу қаупі 46 пайызға төмен болды. Сондай-ақ бұл жерде кімнің қандай бимен айналысқаны маңызды емес. Ең бастысы, ол биде белсенді болса болды.
Мамандадың пікірінше, би - физикалық белсенділіктің түрі. Ол күйзелістен арылтып, адамның ағзасына, атап айтқанда жүрек-қан тамыры жүйесіне оң әсерін тигізеді, деп жазады шетелдік БАҚ.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




