19 жастағы норвегиялық Александра Андерсен Forbes-тің жаңа рейтингі бойынша әлемдегі ең жас миллиардері атанды. Оның байлығы - 1,2 млрд. доллар.
Александраның Ferd инвестициялық компаниясында үлесі бар, сол акциялары оны әлемдегі ең жас миллиардер атандырды. Андерсеннің өзі ақша табуға көп құнықпайды, ол атқа мінгенді жақсы көреді және Норвегиядағы ең мықты деген спортшылардың бірі болып саналады.
Александраның отбасы ертеректе темекі бизнесімен айналысқан. Жас миллиардердің үлкен атасының 1849 жылы құрған компаниясы уақыт өте келе Норвегиядағы ең ірі темекі өндіруші компания болып саналды. 2005 жылы фирманы сатып жібереді, ал одан түскен 500 млн долларды инвестициялар қорына салады. 2007 жылы әкесі Александра мен екінші қызы Катаринаның атына акцияның үлкен бөлігін аударады, ал өзіне тек 15 пайызын алып қалған, деп жазады шетелдік БАҚ.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




