Қытайлық дәрігер Антарктидада алғаш рет жеміс-жидек өсірді. Бұл жаңалықты Антарктиданы зерттеу жөнінен Қытай мемлекеттік орталығының ғалымы Юй Ваньсянь мәлім етті.
Оның айтуынша, елдің Цзянси провинциясынан шығып, қытайлық экспедиция құрамында мұзды құрлыққа келген Ван Чжэн атты дәрігер қарап отырмай, мұнда жеміс-жидек өсіріп шығарыпты. Енді осының арқасында экспедиция мүшелері жеміс-жидекпен де тамақтанатын болады, деп хабарлайды24.kz. Мұзды құрлыққа тамақ тек сырттан жеткізілетін болғандықтан жеміс-жидек пен көкөніс атаулының бәрі мұнда тапшы және жеңсік ас болып саналады. Сондай-ақ суық ауа райына байланысты мұнда әдеттегідей үш емес, күніне 4-5 рет тамақтану керек екен. Енді Ван Чжэн өсірген жеміс-жидек пен көкөніс мұндағы қытайлық экспедицияның Антарктидада бұрынғыдан ұзағырақ уақытқа қалып, «азық-түлік таусылып қалады» деп алаңдамастан жұмысын жалғастыруына жол ашады, деп жазады cri.cn.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




