Сұлтанмахмұт қажы Рахманқұл Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Бақты ауылында тұрады. Жасы 81-ге келген қадірменді қариядан алар үлгі-өнеге мен тәлім-тәрбие көп. Көргені мен түйгені мол ақсақал «Ислам тағылымы», «Сезімнің сергек кездері», «Ұлттық санамыздың өзгеріске түспеген негіздері», «Ер Шыңғожа» атты кітаптардың авторы, деп жазады облыстық «Дидар»газеті.
Жастайынан құймақұлақ, алғыр, сұңғыла болып өскен оған пантюркист, панисламист деген жала жабылып, біршама жыл қуғын да көреді. Кейін Кеңес одағына, Қазақстанға келіп, пәледей болып жабысқан жалалардан құтылды. Өзінің айтуы бойынша, бұған отырып тұрса, Алласы аузынан түспей, «Я, Рабби!» дейтіні, араб, шағатай тілдеріндегі кітаптарды көп оқып жинайтыны себеп болса керек. Кітап демекші, кітаптың саны бұл үйде 1100-ге дейін жеткен. Тең-тең қылып кітаптар жинап, солардан өзіне қажетті құнды деректерді жиыстырып, білім алған ақсақал кирилл әрпін өз бетінше оқып танысқан. Қазір шежіре қарт 12 тілде жазу таниды. Олардың қатарында араб, шағатай, татар, башқұрт, өзбек, ұйғыр, орыс тағы басқа да тілдер бар. «Ұзақ жыл осы Бақты совхозының малын бақтым. Бос уақытта ермегім тек кітап болды» дейді өзі. Тек кітап оқып қана қоймай, ақсақал қоймен бірге ой да баққан адам. Алдына салып ақтылы қой өргізген Сұлтанмахмұт аға әр саулықтан 100-140-тан төл алып, «Еңбек ардагері» атанып, алдыңғы қатардағы шопан болды. -Бастауышты сол жерде Шағантоғайда (ҚХР - ред.) оқып бітірдім. Сосын Шәуешек қаласындағы орта мектепті тауыстым, -дейді. - Әкем Рахманқұл қазы болған адам еді. Ал анам Гүлжауһар сол жерде император атанған әйгілі татар Сыдық Османовтың қызы еді. Екі рет Меккеге барып, қажылық парызын өтеген Сұлтанмахмұт Рахманқұл ақсақал - бүгінде Бақты ауылының бақуатты қарттарының бірі. 7 қыз, 3 ұл тәрбиелеп өсірген ақсақалдың жан жолдасы Үрімхан анамыз бүгінде бақилық болған. Сол он баладан бірнеше немере мен шөбере сүйіп отырған өзі қазір кенжесі Ұлықбек пен келіні Айнұрдың қолында.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді