Күні кеше ғана "Оскар" жеңіп алған Леонардо Ди Каприо мүсіншесін мейрамханада ұмытып кетті, - деп хабарлайды TMZ тілшісі. Басылым тілшілері Голливуд актерінің жеңісті қалай тойлағанын түсіріп алған.
Ди Каприо мен оның әріптестері жеңісті Лос-Анджелестегі Ago мейрамханасында атап өтті. Мейрамханадан көшеге шыққан актер бірнеше адаммен автомобиліне қарай қозғала жөнелген. Осы кезде мейрамханадан мүсіншені ұстаған бір адам жүгіріп шығып, оны Ди Каприоға бермекші болады.
Xpose мәліметінше, ер адам актерге қарап: "Сіз мынаны өзіңізбен алып кеткіңіз келмей ме?", - деп сұрады статуэтканы көрсете отырып. Голливуд жұлдызы оған "Оскарды" қасындағылардың біріне беруді тапсырды. Осыдан кейін актер тығындаулы бөтелкені алып, машинаға отырып кетті.
Айта кетейік, 41 жастағы актер Леонардо Ди Каприо Америка киноакадемиясының жүлдесін жеңіп алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




