«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстан Президенті тіл мәселесіне қатысты айтқан сөзін түсіндірді

Қазақстан Президенті тіл мәселесіне қатысты айтқан сөзін түсіндірді
ашық дереккөз
Қазақстан Президенті тіл мәселесіне қатысты айтқан сөзін түсіндірді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған шарадағы сөзінде үштілділік жайлы сөзін тағы да бір рет түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Алматы қаласын дамыту және 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындық мәселелері жөнінде кеңес кезінде барлық облыс бойынша "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңының сақталуын тексерудітапсырған болатын.

Ол Конституцияда барлық қазақстандықтың тең екені жазылғанын атап өтті. "Ешкімге де дандайсуға жол бермеу керек. (...) Сондай ережебұзушылықтар болғандықтан осы мәселе жайлы айтқанмын. Бірақ мен үш тілді боламыз деп айттым ғой. (...) Мемлекеттік тіл - халық тілі, мұнда барлығымыз тұрып жатырмыз, білуіміз керек. Сондықтан балаларымызды бұған мектептен бастап оқытамыз, солардан үш тілді білуін талап ететін боламыз. Біз ағылшын тілін білуіміз керек, себебі ғылымның, инновацияның тілі. (...) Сосын орыс тілін білу керек, біз сол тілде сөйлеп үйрендік және бір-бірімізді түсінеміз, үлкен көршіміздің тілі. Бұл біздің балаларымызға қажет. Осы мақсатта барлығы жасалып жатыр", - деді Назарбаев.

Ол қазақ тілін мүлдем сөйлей алмайтындарға үйрету керек екенін түсіндірді. Қазақстан Президенті қоғамда қазақ тілінде қарапайым сөйлесуге барлық мүмкіндіктің бар екендігін айтты.

"(...) Мемлекеттік іс-қағаз жүргізу мен әкімшілік істерді 2025 жылдан бастап енгізе бастаймыз деп айттым. (...)", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстандықтар бүгін, 1 наурызда тарихты тұңғыш рет Алғыс айту күнін тойлап жатыр. Ол бұл мерекенің Қазақстан қоғамындағы сенім мен достықты нығайта түсетініне сенімді. Назарбаев көп елде қақтығыстардың болып жатқанын, сондықтан қазір адамдардың бір-біріне қолдауы үшін алғыс айтуы құнды екенін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар