Н.Назарбаев барша қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
- author «Ақ жол»
- 1 наурыз, 2016
- 710
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алғыс айту күніне арналған іс-шараға қатысып, барша Қазақстан халқын мерекемен құттықтады.
«Қадірменді қауым, сіздерді еліміз алғаш рет өткізіп отырған Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Ағымдағы жылдың 14 қаңтарында мен 1 наурызды Алғыс айту күні деп белгілеу туралы Жарлыққа қол қойдым. Бұл мейрамның терең мағынасы мен мәні бар. 1 наурыз жалпы көктемнің бірінші күні, бәрімізге де көңілді күн, қыстан шыққан күн. 1 наурыз сан ғасырдан бері жалғасып келе жатқан ізгіліктің мерекесі, Наурыз мейрамы аталып өтілетін шуақты айдың басы», - деді Елбасы.
Сонымен қатар ҚР Президенті 1 наурыз бірлігіміздің бастауы болған Қазақстан халқы Ассамблеясы, отанымызды көркейту жолында барлық қазақстандықтарды ұйымдастырып келе жатқан саяси күш - «Нұр Отан» партиясының құрылған күні екендігін атап өтті.
«Қазақ халқына алғысын білдіріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне бізде алғысымызды айтамыз. Осындай ұланғайыр жерді, осындай елді бізге мирас қылып тапсырған, қан төгіп жерді алып қалған ата-бабаларымызға да бүгін алғысымызды айтамыз», - деді Н.Назарбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




