ҚКХП – таңдаушыларының мүддесін қорғайды
Қазақстанның Коммунистік халық партиясы төрағасы Жамбыл Ахметбеков облыстық штаб мүшелерімен кездесті. Басқосуда партия төрағасы сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, негізгі бағыттарға ерекше тоқталып өтті. – Әлемдік экономикалық дағдарыс, халықаралық тұрақсыз жағдай біздің еліміз үшін де алаңдаушылық туғызады. Батыстың жағымсыз құндылықтары рухани және өндіріс салаларында өзінің дәрменсіздігін көрсетіп жатыр. Біздің партия ел басшылығының саяси бағдарын жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды үдету жолындағы қиындықтарды еңсерудегі бірыңғай қарқынды бастамада мемлекеттің сенімді әріптесі, өз жақтаушыларының мүдделерін қорғайтын және білдіретін саяси ұйым, – дейді Жамбыл Ахметбеков.
Қазақстанның коммунистік халық партиясының сайлауалды бағдарламасы алты бөлімнен тұрады екен. «Бағдарламамыздың әр бөлімінде де сайлаушылардың, халықтың мүддесіне арналған мазмұнды бастамаларымыз жетерлік. Біздің елімізге ғана тән дәстүрлі отбасылық және адамгершілік-мәдени бағдарлар дағдарыстарды еңсеруге және жаңа белестерді бағындыруға жетелейді деп санайтынын» атап көрсетті.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




