«Бірлік» саяси партиясының облыстық филиалы республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Журналистер алдында «Бірлік» саяси партиясы облыстық филиалының төрағасы Асқар Сыздықов сөз сөйлеп, партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді. Елімізде бұл партияның 53 мың мүшесі бар. Біздің облыстың 1000 тұрғыны «Бірлік» партиясының қатарында екен. Асқар Хамзаұлы – аталған партия тарапынан ҚР Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткерлікке ұсынылғандардың қатарында. Филиал төрағасы «Бірлік» партиясының тарихи құндылықтарымызды қастерлеп, еліміздің мәдени дамуына үлес қосуды көздейтінін айтты. Мәдениетті дамыта отырып жастарға ұлттық тәрбие тұрғысынан үлгі-өнеге болуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, мұражайлар мен тарихи орындарға көпшіліктің құрметін арттыру мәселесіне де бұл партия ерекше назар аудармақшы. Өз кезегінде «Бірлік» партиясы облыстық сайлауалды үгіт-насихат штабының төрағасы Шакизада Ыбырайым сөз алып, партияның негізгі жоспары мәдени-тарихи құндылықтарымызды жаңғыртып, қастерлеп, жастарға ұлттық тәрбие беру екендігіне тоқталды. Сондай-ақ, олар БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




