26 мыңнан астам тұрғынға жол ашқан Жұмыспен қамтудың жол картасы
- author «Ақ жол»
- 1 наурыз, 2016
- 190
Өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков журналистер алдында саланың бірқатар жетістіктері мен өзекті мәселелерін жан-жақты баяндады. Басқарма басшысы айтып өткендей, елімізде жұмыссыздықты төмендетуге бағытталған бағдарламалар кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Бір ғана «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын қаржыландыруға 2011 -2014 жылдары 17 миллиард теңге жұмсалыпты. Өткен жылды қоса есептегенде 26 мың 256 адам жұмыс түрлерімен қамтылған. Соның арқасында облысымызда жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап, жастар арасындағы жұмыссыздықтың деңгейі 0,7 пайызға төмендеген.
Облысымызда «Өрлеу» пилоттық жобасы енгізіліп, жүзеге асырылуда. Атаулы әлеуметтік көмекке де қаржы бөлінген. Мүмкіндігі шектеулі жандардың да жағдайын жақсарту да басты назарда. Тараз қаласы және аудан бюджеттерінен қаралған 666,7 миллион теңгеге 7206 мүгедекке әлеуметтік көмектер көсетіліпті. Басқармаға қарасты 11 медициналық әлеуметтік мекемеде 1249 адам арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған екен. Тұрғындарды жұмыспен қамту ісінде кедергілер де жоқ емес. Солардың бірі жұмыссыз ретінде тіркелген кейбір жұмыссыздардың ұсынылған жұмысқа бармауы. Соның нәтижесінде ұзақ жылдар бойы жұмыссыз жүргендер саны 11 мың адамға жуықтаған. Өз бетінше жұмыспен айналысушылардың қатары да былтыр 2,6 пайызға төмендеген. Басқарма басшысына журналистер жұмыссыздық деңгейі, жұмысқа адам қабылдаудың заңдылықтары жөнінде сұрақтар қойды. Сала басшысы БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берді.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді