Дені сау жандар ғана емес мүмкіндігі шектеулі жастар да қоғамға пайдасын тигізіп, еңбекке араласқысы келеді. Олардың бұған мүмкіндіктері бар, қолдау көрсететіндер де табылады. Ең бастысы он екі мүшенің бірі кем болғанымен, сүйікті кәсібімен шұғылдануға деген ынта мен құлшыныс болса жеткілікті. Облысымызда құрылған «Мүгедек жастар қоғамы» бірлестігі Тараз қаласында мүмкіндігі шектеулі жандармен бірігіп жұмыс атқаруда. Бүгінгі таңда олар жастарға материалдық және әлеуметтік жағынан көмек көрсетіп, мүгедек жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасауда. Бүгінде бірлестікте 20 адам жұмыс істейді. Олар өткен жылы 400 мүмкіндігі шектеулі жанға Инва-Такси – әлеуметтік-такси қызметін ұсынып, көмек көрсетті. Үстіміздегі жылы да Тараз қаласының мүгедектігі бар азаматтарына көмек көрсетуге дайын. «Мүгедек жастар қоғамында» 4-10 жас аралығындағы мүгедек балалар білім алады. Әлеуметтік мамандар 18 жастан жоғары жүйке ауруымен ауыратын мүгедек жандармен жұмыс жасайды. Психологиялық тренингтер өткізеді. Мүгедек жастар мерекелік шараларға белсене қатысады. Заманауи іс-шаралар өткізу үшін ұйымдастырушы-педагог мүгедек жандармен бірлесе жұмыс жүргізеді. Медбикелер және ЛФК қызметкерлері олардың денсаулығын жіті қадағалайды. Күнделікті қан қысымын анықтап отырады. «Мүгедек жастар қоғамында» иппотерапия қызметі де бар. Емделушілерге арналған еңбекке баулу сабақтары да өткізіледі. Үй тұрмысына сай тұрмыстық бейімделу көмектері де осы ұйымда көрсетіледі. Себебі әрбір емделуші осы көмекті алу арқылы тұрмысқа бейімделуде. Қорыта айтқанда, біздің басты мақсатымыз – мүмкіндігі шектеулі жандарға өз көмегімізді көрсетіп, демеу ретінде жәрдемдесу.
Сәкен Қабдуллин, «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді