Google компаниясы жасаған өзін өзі басқаратын автомобиль жол апатына ұшырады
- author «Ақ жол»
- 1 наурыз, 2016
- 655
Google компаниясы жасаған өзін өзі басқаратын автомобиль сынақ кезінде алғаш рет жол апатына ұрынды, деп хабарлайды Би-Би-Сиагенттігі.
Компанияның хабарлауынша, машина сынақ кезінде жүріп келе жатып автобусқа соғылған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеді. Көліктің алдыңғы жағы майысып, қозғалысын бақылайтын электрондық құрылғысы істен шықты.
Сынақ кезіндегі мәліметтерге жүгінсек апат кезінде көлік сағатына үш шақырым жылдамдықпен келе жатса, автобус сағатына 20 шақырымнан астам жылдамдықпен жүрген. Оқиғаға автобустың көлікті өткізіп жібереді деген компьютердің қате шешімі себепші болған.
Компания болған оқиғаға жауапты екендіктерін мойындап, компьютер қателігін болдырмау үшін жүргізушінің басқаруынсыз жүретін көліктің бағдарламалық қамтылымын өзгертуге уәде берді.
Өздігінен жүре беретін көлікке Lexus RX450 автомобилі пайдаланылған. Оны сынау Калифорния штатында жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




