Елордамыз Астана қаласында ұйымдастырылатын «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі ел азаматтарын ғана емес, күллі әлемнің назарын аударып отырғаны сөзсіз. Жасыл экономиканы басты тақырып еткен көрмеге қатысуға ниет білдірушілер арасында жастардың көп екендігі көңіл қуантады. Солардың қатарында, әлбетте, біздің өңір жастарының да белсенділігі байқалады. Оны ұйымдастырылып жатқан түрлі шаралардан байқауға болады. Әсіресе, арнайы ұйымдастырылған көрмелер барысында ғылымға ден қойған жастардың ойлап тапқан, жүзеге асыруға ниет еткен жаңалықтарын көріп, таңданбасқа болмас! Сондай іс-шараның бірін облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасына қарасты «Жастар орталығы» ұйымдастырды. Абай атындағы гуманитарлық колледжде өткен шара «Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне орайластырылып, «Жастар қуаты – болашақтың қуаты!» деп аталды. Аталған көрмеде студенттер өздері ойлап тапқан құрылғыларды таныстырып, болашақта оны жетілдіруге ниетті екендіктерін байқатты. Сонымен қатар, халықаралық көрменің маңыздылығы, онда тың бастамалар мен соны ашылымдардан басқа, еліміздің абыройын асқақтатып, елдігімізді танытатын сын сәт екені де кеңінен айтылды.
Айша ЖАҚСЫБЕРГЕН, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дың студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді