Алматыда мысыққа арналған бос жұмыс орнына байқау жариялаған мейманхана жаңа қызметкерді іздеу жұмыстарын аяқтады
- author «Ақ жол»
- 29 ақпан, 2016
- 271
Алматыда мысыққа арналған бос жұмыс орнына байқау жариялаған мейманхана жаңа қызметкерді іздеу жұмыстарын аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Байқаудың жеңімпаздары Астанадан келген Ре мен Ми болды.
Мейманханадағы бос жұмыс орнына барлығы алты мысық таласты. Олардың барлығы Instagram парақшасындағы дауыс берудің нәтижесінен кейін финалға шақырту алған. Байқауда жеңіске жеткен мысыққа жұмыс беріледі. Жұмыстың негізгі талаптары - "Шымбұлақтағы" мейманхана қонақтарының көңілін көтеру.
Әділ қазылар алқасы мүшелерінің бірі, әртіс Мұрат Мұтырғановтың айтуынша, Ре мен Ми тартымдылықтарымен және Қазақстанның елордасынан ұзақ жол жүріп келгендері үшін таңдалды. "Адамдар жануарлармен тілдесіп, оларды бауырларына баса алады және ол жерде тышқандар болмайды. Менің оларға дауыс берген себебім, олар өте сүйкімді және байқауға қатысу үшін ұзақ жол жүрді", - деді Мұтырғанов. Оның айтуынша, бұрын мысық асырап көрмеген, себебі үйінде екі иті бар.
Мысықтардың иесі Динара Еретаеваның айтуынша, екі мысық бір-бірі үшін жаралған. "Олар барлығын бірге істейді және біз олар бір-бірі үшін жаралған деп ойлаймыз. Оларды екі жаққа бөлгіміз келмейді, себебі олар бір-бірін біраз уақыт көрмей қалған күннің өзінде іздей бастайды..."- дейді ол. Оның айтуынша, мысықтар тауықты, сиыр етін жақсы көреді, сапалы құрғақ азықтарды, сонымен қатар, таңертең ботқа жейді.
Жеңімпаздар үшін "жалақы қоры" бөлінді. Бұл қаржы, яғни 200 мың теңге қайырымдылыққа жұмсалады - үйсіз жануарларға көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға. "Бізде мысықтарға қарайтын қызметкер болады. Біз жануарларға қажеттінің барлығын сатып аламыз. Біздің мейманханада жануарлары бар қонақтар жиі демалады - иттерімен келеді. Біз қарсы емеспіз, құптаймыз. Ғимарат үш қабатты, мысықтар серуендейтін жер жетерлік. Мейманханаға біртіндеп үйрете бастаймыз, сол үшін де жас мысықтарды таңдадық", - деді мейманхана-мейрамхана басқарушысы Валерий Демидов.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауда жеңіске жете алмаған өзге мысықтар да назардан тыс қалмайды. Олардың суреттері мен иелерінің номерлері қаладағы дәмханалардың біріне ілінеді, осылайша жануарлар жаңа иелерін табады.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді