Американың SpaceX компаниясы Канаверал мүйісіндегі ғарыш айлағынан Falcon 9 зымыранын ұшыруды соңғы сәтте кейінге қалдырды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
Компания өкілінің хабарлауынша, ұшырылымға әзірлік барысында зымыранның жүйесінен ақау табылды. Оның туындау себебі әзірге нақты анықталмаған, алайда компания өкілдері кемшілік оталу жүйесінде пайда болды деп отыр.
Зымыран ақауды жойғаннан кейін ұшырылады деп жоспарлануда. Оның нақты мерзімі әзірге айтылмады.
SES-9 байланыс серігін орбитаға шығаруы тиіс зымыранды ұшыру осымен үшінші рет кейінге қалдырылуда.
Еске сала кетсек, Space Exploration Technologies (SpaceX) компаниясы калифорниялық кәсіпкер Илон Маскқа тиесілі. Оның Falcon 9 зымыраны көп рет ғарышқа жіберіледі жобаланған.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




