Қазақстанда жұмыс берушілердің басым бөлігі 2016 жылы жалақыны көтеруді жоспарлайды - сауалнама
- author «Ақ жол»
- 26 ақпан, 2016
- 234
Қазақстандық жұмыс берушілердің басым бөлігі биыл өз жұмысшыларының жалақысын көтеруді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі Antal Kazakhstan рекрутинг компаниясының зерттеуіне сілтеме жасап.
Зерттеу нәтижелері бойынша, сауалнамаға қатысқан жұмыс берушілердің 62 пайызы қызметкерлерінің жалақысын көтеретінін айтты, олардың 75 пайызы жалақы көлемін 4-тен 15 пайызға дейін ұлғайтуды жоспарлап қойыпты. "Жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес, жұмыс берушілердің жартысынан көбі алдағы жылда қызметкерлерін іріктеп алуды жоспарламаған. Алайда, 2015 жылдың күзінде жүргізілген сауалнамамен салыстырғанда, қызметкерлерінің санын арттыруды жоспарлайтын жұмыс берушілер 17 пайызға азайған", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, сауалнамаға қатысқан жұмыс берушілердің 6 пайызы қызметкерлерін қысқартуға ниетті екендерін айтты. Сонымен қатар, жұмысқа жаңа қызметкерлерді алмайтын және босаған орындарға ғана маман аламын деген жұмыс берушілер де көп болды (50 пайыз).
"Қазіргі күрделі жағдайда жұмыс берушілер тиімді әрекет етіп отыр, олар бар мүмкіндігінше қызметкерлерін сақтап қалуға тырысады, мұны біздің сауалнама да көрсетіп берді, - деді Antal Kazakhstan басшысы Анна Ковинская. - Жаңа жұмыс орындарының желтоқсан-қаңтар айларында азаюынан кейін қазір қайта артқанын байқап отырмыз. Олардың көпшілігі жұмыс ауыстырумен байланысты, бірақ штатты ұлғайтқан компаниялар да бар және басым бөлігі сауда саласында. Сонымен қатар, біздің мәліметтер бойынша, қызметкерлерін қысқартуды жоспарлаған компаниялардың қатары өткен жылдың күзімен салыстырғанда өскен жоқ".
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді