«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Дәрі-дәрмектердің бір бөлігі тек дәрігердің ұсынысымен ғана сатылатын болады

Дәрі-дәрмектердің бір бөлігі тек дәрігердің ұсынысымен ғана сатылатын болады
ашық дереккөз
Дәрі-дәрмектердің бір бөлігі тек дәрігердің ұсынысымен ғана сатылатын болады

Елордада ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен елорда әкімдігі, сондай-ақ «Астана денсаулықты таңдайды» фармацевтикалық қауымдастығы бірлескен жобаны іске қосты, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Жоба аясында дәріханалар дәрігерлердің ұсынысы болмаса, қолдану ұзақтығын, мөлшерлеуді білуді қажет ететін препараттарды сатпайды.

«Жобаның мақсаты - дәрілік заттарды рационалды пайдалану. Өкінішке орай, бүгінде көптеген препараттар еркін түрде сатылады, бұл халыққа белгілі бір қауіп төндіреді. Күн сайын әлемде жүздеген дәрі-дәрмек жасалады, оларды дұрыс пайдаланған жағдайда, ауруды жеңуге болады, ал керісінше жағдайда денсаулыққа ауыр зардап келтіреді», - деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Роза Қуанышбекова.

Оның айтуынша, рецептісіз дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін бұрынғыдай дәрігердің ұсынысы қажет болмайды. Оған аурулардың жеңіл түрін емдеуге арналған препараттар жатады. Ал мөлшерлеу мен қолдану ұзақтығын білуді қажет ететін дәрі-дәрмектер астаналықтарға дәрігердің тағайындауынсыз сатылмайтын болады.

Бүгінгі таңда халықтың басым бөлігі дәрілерді таныстарының, әріптестерінің, туған-туыстарының ұсынысымен алады және сауалнамаға сәйкес елорда тұрғындарының 18-20% ғана дәрігердің кеңесіне құлақ асады.

Астана қаласының фармацевтикалық қауымдастығының президенті Степан Березиннің атап өтуінше, жоба кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Бірінші қадам жасалды - қаланың барлық дәріханалары мен емханаларында өз бетінше емделуден бас тартуға шақыратын арнайы плакаттар ілінеді. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері үшін семинарлар ұйымдастырылып, халық арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Айта кетейік, аталған жүйе биыл қыркүйек-қазан айларында толығымен іске қосылады, оның үстіне, жоба тек елордада ғана емес, барша Қазақстан бойынша қолға алынбақ.

Ұқсас жаңалықтар