«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақ әдебиеті оқулығында Қамбар батыр ішкіш ретінде көрсетілген

Қазақ әдебиеті оқулығында Қамбар батыр ішкіш ретінде көрсетілген
ашық дереккөз
Қазақ әдебиеті оқулығында Қамбар батыр ішкіш ретінде көрсетілген

Білім және Ғылым саласын бақылау бойынша Комитеті жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы 9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясындағы "Қамбар батыр" туралы эпостың мәтінін тарихи түпнұсқаға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы "Ақ жол" партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап  хабарлайды. "Білім және Ғылым саласын бақылау бойынша Комитеті жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, 9 ақпан күні тарихи тұпнұсқалығынан ауытқыған нұсқасы 2017-2018 жылдары шығатын хрестоматиямен өзгеретіні туралы шешім қабылданғаны жазылған", — делінген хабарламада. 2015 жылғы күзде 9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясының мазмұны қоғам мен әлеуметтік желілерде үлкен наразылық тудырған болатын. (Қазақ әдебиеті хрестоматиясы, «Мектеп» баспасы, 2012 жыл). Депутаттар хрестоматияны оқулық құралы ретінде пайдалануға прокурорлық шара қолдануды талап етті. Олар аталған қателік қолданыстағы заңнамалардың, оның ішінде ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекісі, ҚР «Білім туралы» заңы, «Бала құқытары туралы», «Жарнама туралы» заң талаптарын бұзып отырғанын атап көрсеткен еді. "Әлбетте, мұндай «әдет» XVII-XVIII ғасырдағы қазақтың салтына сай келмейді. Бірақ 1922 жылы хрестоматияға әдейі бұрмалаушылық енгендіктен, аталған нұсқадағы мәтін қазірге дейін солай жазылып келген.

Ұқсас жаңалықтар